СЫР ӨҢІРІНДЕГІ ЖОЛДАРҒА КҮРДЕЛІ ЖӘНЕ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛМЕК
Сыр өңірінің инфрақұрылымы қарқын алып келеді. Қызылорда қаласының өзінде 24 көше жаңғыртылып, 20-ға жуық жолға күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмек, деп хабарлады «24 кз».
Сондай-ақ, асфальт бетіндегі ой-шұқырлар тегістеліп, жаяу жүргіншілер мен мүмкіндігі шектеулі жандардың көшелерді кедергісіз кесіп өтуіне жағдай жасау үшін дыбыс пен жарық қондырғылары орнатылуда. Ең басты жол құрылысы қазір Сыр өзені бойында жүргізіліп жатыр. 5 шақырымға сымдай тартылған автомагистраль шаһардың бас көлік қақпаларын байланыстырады. Яғни Жалағаш, Сырдария аудандарынан барған көліктер шаһар ішіне кірмей, әуежайға немесе «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автодәлізіне шыға алады.
Марсбек Молдабаев, қаланың коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:
- Барлық сметалық құны 2 млрд 122 млн қаржыны құрайды. Бұл жолдың ерекшелігі дарияның сол жағалауында қаланың бас жоспарына сәйкес қала құрылысы басталады. Қазіргі кезде үлкен 2 жағалауды қосатын көпір құрылысы салынып жатыр. Ол да биыл беріледі деп жоспарланып отыр. Бұл – сол екі аралықты қосатын жол құрылысы.