ҚЫЗЫЛОРДАДА 9436 БАС ИТ ПЕН МЫСЫҚТАР АУЛАНЫП ЖОЙЫЛДЫ
Қызылорда облыс бойынша сібір жарасы індетінің Кадастрге тіркелген 67 ошағы бар болса, оның 26 нақтыланып, қоршалып белгі қойылды. Бұл туралы бүгін облыстық Өңірлік коммуникация қызметінде облыстық ветеринария басқармасының басшысы Ерсұлтан Апетовтың БАҚ өкілдеріне арналған брифингінде хабарлады.
- Сонымен қатар, бүгінгі таңда иесі бар 54,3 мың бас ит, 17,7 мың бас мысық нақтыланып отыр. 2016 жылы қаңғыбас ит пен мысықтарды аулап жоюға 39,6 млн. теңге бөлініп, қазіргі күні 9436 бас ит пен мысықтар ауланып жойылды, - деді Е.Апетов. – Жойылған ит, мысықтар типтік мал көмінділері мен инсинератор пештерінде жойылуда. Бүгінгі таңда облыс көлемінде мал көмінділерінің жалпы саны 146, оның ішінде 69 типтік жобада салынған. Сонымен қатар 40 дана мал өлексесін өртейтін инсинератор пештері жұмыс жасап тұр.
Айта кету керек, облыс аумағында ветеринариялық бақылауға жататын өнімдерді сататын 16 ішкі сауда объектілері жұмыс жасайды. Сондай өнімдерді өткізуді жүзеге асыратын 2 өндіріс объектілері жұмыс жасайды. Жыл басынан 4806 бас МІҚ, 3404 бас жылқы, 4692 бас уақ мал, 1 бас түйе, 5 бас шошқа сатылған. Облыс бойынша 34 мал сою алаңының бүгінде 26-сы жұмыс жасап тұр. 8 мал сою алаңы жұмысын тоқтатқан.
Шынар БЕКБАН