ЖЕР РЕФОРМАСЫ БОЙЫНША КОМИССИЯНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ АСТАНАДА 14 МАМЫРДА ӨТЕДІ
Жер реформасы бойынша Комиссияның алғашқы отырысы 14 мамырда Астанада өтеді, деп мәлімдеді бүгін ҚР бірінші вице-премьері Бақытжан Сағынтаев, деп жазады primeminister.kz.
«Комиссияның алғашқы отырысын Астанада 14 мамырда өткізу жоспарланған. Сондай-ақ Комиссияның өңірлердегі көшпелі отырыстары жоспарланып отыр», - деді Б.Сағынтаев.
Ол жер реформасы бойынша Комиссия Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасымен құрылғанын еске салды. Оның құрамына 75 адам кіреді, олардың iшiнде Сенат және Мәжiлiс депутаттары, Үкiмет мүшелерi, мемлекеттiк органдардың, саяси партиялардың, агробизнес өкiлдерi, ғалымдар, қоғам белсендiлерi бар.
«Комиссияда барлық өңiрлердiң өкiлдерi қамтылған. Бiз елiмiзді, оның бейбiт болашағы үшiн алаңдайтын азаматтарды ынтымақтасуға шақырдық. Халықты барынша қамту үшiн облыстық әкiмдiктiң жанынан құрылған қоғамдық кеңестер де осы жұмысқа жұмылдырылмақшы. Комиссия бiздiң азаматтарымыздың пiкiрталастарының барысы туралы барынша шынайы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ашық түрде алуы үшiн жұмыс iстейді», - деді Б.Сағынтаев.
Бірінші вице-премьер арнайы www.jerturaly.kz порталы iске қосылғанын айтты. Порталда комиссияның жұмысы туралы барлық ақпарат жарияланады. Бұл сайтта адамдар көкейтестi сұрақтарын қойып, өз ұсыныстарын қалдыра алады. Бұдан өзге, қосымша арнайы Call-center жұмыс істейді.