ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА БАЛЫҚ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ АШЫЛДЫ
Сыр өңірінде тағы бір балық өңдеу зауыты ашылды, деп хабарлайды «24 кз». Өндіріс орнына тұрақты жұмысқа қабылданған Қазалы ауданының 50 тұрғыны тәулігіне 5 тонна су маржанынан сүбе кесіп дайындайды. Теңізден ауланып өңделген өнім Еуропа нарығына шығарылады.
Бес жыл бойы теңіз маржанын сүзген кәсіпкер енді шикізатты өзі өңдеуге кірісті. Төребек Игіліков жеңіл пайызды несие алып, құны 60 миллион теңгеге шамасындағы жобаны жүзеге асырып отыр. Жаңа зауытта негізінен көксерке балығы өңделеді. Заманауи қондырғылар бар-жоғы 2 минуттың ішінде 20 келі балықтың қабыршағын аршып тасиды.
Меруерт Ерекешова, зауыт жұмысшысы:
- Балықтарды маған кесіп, өткізеді. Мен сол балықтарды саралап, сұрыпқа тастайтынын сұрыпқа, жоғары сұрыпты балықтарды бөлек тастап, өткізіп отырамыз. Бізде субеде арнайы форма болу керек. Айлық табысымыз жақсы, пайызбен есептеледі. Әр балықтың келісіне 49 пайыздан есептеледі.
Арал көксеркесінің сүбесі бүгінде еуропалықтарға жақсы таныс. Сондықтан негізгі сұраныс та Кәрі Құрлықтан түседі. Енді кәсіпкер дайын өнімді экспорттауға рұқсат беретін еурокодты алуға талаптанып отыр.
Төребек Игіліков, зауыт директоры:
- Негізінен қазір сұраныс Еуропа болып тұрғасын көксеркені кесіп жатырмыз, енді қазір ақтабаннан да, сазанның да барлық түрінен сүбе жасалып жатыр. Сұраныс болып тұр. 80% экспортқа шығады, Еуропаға, Ресейге шығады. Қазіргі уақытта 1200 тоннадай балық ауланып отыр.
Облыста соңғы 3 жылда балық аулау мен өңдеу 47%-ға артқан. Бұны мамандар «Кіші Арал» жобасының жемісідейді. Айта кеткен жөн, жыл басынан бері құны 1,5 миллион АҚШ доллары болатын 400 тоннаға жуық теңіз өнімдері Польша, Дания, Грузия мен Әзірбайжан мемлекеттеріне саудаланды.