ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ЖҰМЫСКЕРЛЕРГЕ ЖАЛАҚЫ ТӨЛЕМЕГЕН 5 КӘСІПОРЫН ӘШКЕРЕЛЕНДІ
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында жұмыскерлеріне жалақыларын төлемеген 5 бірдей кәсіпорын әшкере болды, деп хабарлады «24 кз».
Прокурорлық тексеріс барысында бір ғана «Таза су Жаңақорған» мекемесінің 30 жұмысшысына 9 миллион теңгедей еңбекақысы берешегі бар екені анықталды. Сондай-ақ «Өтеміс» серіктестігі 3-4 жылдан бері 22 жұмысшының 7 миллион теңге жалақысын төлемеген. Құзырлы орган өкілдері, прокурорлық ықпал ету шараларын қолға алды. Нәтижесінде бүгінгі күнге дейін 98 жұмысшының еңбекақысы өндірілді.
Мұрат Досмағанбетов, Жаңақорған ауданының прокуроры:
- Яғни атап айтатын болсақ, «ҚазПромҚызылорда» ЖШС мен «Жаңақорған тазалық» ЖШС-нің 98 жұмысшысының алдындағы қарызы бар екендігі анықталып, прокуратураның ықпал ету актілері енгізіліп, нәтижесінде олардың 7 млн теңгеден астам қарызы өндірілді.