ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР «ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӨРМЕСІНДЕ ӨЗ ӨНІМДЕРІН ТАНЫСТЫРДЫ
Қызылордалық кәсіпкерлер Астанадағы Көрме орталығында сәуірдің 6 мен 8 мамыр аралығында өткен «Қазақстанда жасалған» Республикалық көрмесіне қатысып, өңірімізді таныстырып қайтты.
"Байтерек" Холдингі мен «Даму» Қоры ұйымдастырған Отандық тауар өндірушілердің көрмесінде 5000-нан астам өнімдер ұсынылды. Сондай-ақ көрмеге республиканың барлық аймақтарынан мемлекеттік қолдауға ие болған 300-ден аса кәсіпорындар қатысты.
Бүгінгі таңда «Аралтұз» АҚ компаниясы Қазақстандағы тұз өндіруші үздік кәсіпорын. Кәсіпорын мемлекеттік қолдау аясында өнімділік көлемін үш есе арттырып, тауар белгісін түрлендіруге мүмкіндік беретін жоғары технологиялық құрал-жабдықтарға қол жеткізді. Технологиялық қайта жабдықтау өнім сапасының артуына да әсер етті. Бүгінде «Аралтұз» АҚ шығаратын жоғары сапалы тұз өнімдері «Аралтұз» және «Славяна» маркасымен ТМД елдері мен алыс шетелге экспортталады. Компанияның 800 аса қызметкерлері бар.
ЖК «Тұрғынбаев» «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында берілген қайтарымсыз гранттық қаражатқа тігін-қолөнер цехын ашты. Цехтың негізгі шығаратын өнім түрлері қыз жасауы, ұлттық киімдер, киізден естелік сыйлықтар және зергерлік бұйымдар қазіргі таңда қала тұрғындары тарапынан біршама сұранысқа ие болып отыр. Компания директоры Қарлығаш Ілиясованың сөзінше отбасылық бизнесте ұлы мен қызы да жұмыс жасап, бүгінде дизайнер және қол өнер шебері мамандығын игеріп алған. Көрмеге қатысқан компания астаналықтарға түрлі өнімдер ұсынды. Оның ішінде киізден тігілген киімдерден бастап ұлттық зергерлік бұйымдар да болды.
Сонымен қатар, көрмеде тағы бір тігін цехының жұмысымен жеке кәсіпкер Майра Жұбаназарова таныстырды. Кәсіпкер өзінің ательесін Даму Қорының 50% кепілдендіруі арқасында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ несие рәсімдеп ашты. Бүгінде ол 5 тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтып отыр және кәсіпкерлік қызметін дамытуды да жоспарлауда.
Әйгілі Қазалы кәмпиттері» өзінің ерекше дәмімен астаналық тұрғындарды тәнті етті. Жалбыз дәмімен конфет шығарудың ежелгі үрдісін кәсіпкер Нұрбек Қазбергенов 2012 жылы Даму Қорының «Шағын қалалар» бағдарламасы аясында несиеге қол жеткізу арқылы жалғастырып келеді. Қазалы конфеттері өзінің тиімді бағасымен халықтың көңілінен шығып, үлкен сұранысқа ие болып отыр. Қазіргі таңда шағын цех тәулігіне 500 келіге дейін жалбыз дәмімен мұз кәмпиттер шығарады және мекемеде 20-ға жуық жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылған.
Қармақшы ауданын «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында ашылған «Ай-Диас» балабақшасы таныстырды. Жеке кәсіпкер Айнұр Бермағанбетова өз жобасын жүзеге асыру үшін Қазақстан Халық Банкінен Даму Қорының кепілдігімен несие рәсімдеген. Балабақшада бүгінде мемлекет қолдауы аясында 18 жаңа жұмыс орны ашылып, 100-ге жуық бала тәрбиеленуде.
Сан алуан өнім түрлерін ұсынған Қазалылық жас кәсіпкер Мейрімжан Қаниев өзінің «Асыл мұра» дизайнерлік орталығын «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында жеңіп алған гранттық қаражат есебінен ашқан. Жас кәсіпкерге жобасын жүзеге асыру мақсатында мемлекет тарапынан қайтарымсыз қаражат беріліп, дизайнерлік орталыққа қажетті құрал-жабдықтар сатып алынған. Өзінің кәсіпкерлік тәжірибесі аз болғанына қарамастан Қазалылық кәсіпкердің жобасы табысты жүзеге асып, бүгінгі таңда ол 4 адамды жұмысқа алып отыр.
Іс-шара барысында Қазақстандық өнім өндірушілер форумы ұйымдастырылып, бүгінде актуалды мәселелерге айналған «Қазақстандық кәсіпорындарға арналған үнемшіл өнідіріс және Кайдзен философиясы», «Дағдарыстағы сату жүйесін күшейту» және «Жалпылама сөз сөйлеу дағдысы» мен «Тиімді қызметкерді қалай табамыз» секілді тақырыптарға масстер-класстар өткізілді. Сонымен қатар, кәсіпкерлер арасында "Халық таңдауы" Конкурсы да ұйымдастырылды.
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін кәсіпкерлерге дипломдар мен алғыс хаттар табысталды.