ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА БІРЛЕСКЕН ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗІЛДІ
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы аумағында Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментімен «Шекаралас тоғайлы және далалы алқаптарда бірлесіп іс-әрекет ету» кешенді оқу-жаттығуы өткізілді.
Оқу-жаттығуда орман алқабында түтін байқалған. Шартты түтінді Жаңақорған орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері тез арада өрт ошағы туралы мәліметті Жаңақорған аудандық №10 өрт сөндіру бөліміне хабарлады және шұғыл түрде өртті жою жөнінде іс-әрекетке кірісті. Оқу-жаттығудың мақсаты күрделі жағдайдағы шартты дала өртін сөндірудің әдіс-тәсілдерін игеру болды.
Оқу-жаттығу кезінде соқалы тракторға жүктелген тапсырма желдің бағытының өзгеруі салдарынан орман тақтасына өртті өткізбеу болды, басқалары өртті сөндірді.
Бірлесіп әрекет ету және тәжірибе алмасу бірнеше сағатқа созылды. Екі облыс жетекшілері тарапынан жоспарланған іс-шара кезінде тараптардың бірлесіп әрекет етуін жақсы деп бағалады.
Оқу-жаттығуға 61 адам, 10 техника қатастырылды.
Е.МАҚАШЕВ,
Қызылорда облысы ТЖД,
№10 өрт сөндіру бөлімінің бастығы,
азаматтық қорғау подполковнигі