ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖИЫН ӨТТІ
Қызылордада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында қаладағы №278 орта мектептің базасында «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны өтті, деп хабарлады Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің баспасөз хатшысы. Жылдамдық пен ептілік, төзім мен күш сынға түскен іріктеу турына 8 әскери-патриоттық клуб қатысты. Олар аудандық және қалалық сайыстарда үздік нәтижеге қол жеткізген командалар.
- Айбын» әскери-патриоттық жиыны негізінде облыстық іріктеу турында жоғары ұпай жинаған жеңімпаздар Қарағанды облысында өтетін Республикалық форумға жіберіледі. Бұл ойындар мектеп оқушыларының бастапқы әскери даярлық бойынша білімдерін нығайтуға оң ықпал етеді, - дейді Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының лауазымын уақытша атқарушы Әлімжан Ерниязов.
Сайыс қорытындысы бойынша Қызылорда қаласы 1-орынды иемденсе, 2-орынды Арал ауданы, 3-орынды Қазалы ауданы қанжығаға байлады. Жеңімпаз командалар мен жүлдегер оқушылар кубоктар, медальдер және арнайы дипломдармен марапатталды. Облыстық іріктеу турында әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша жеңімпаз атанған 20 жеткіншек 2016 жылғы 18-23 маусым аралығында Қарағанды облысындағы «Спасск» полигонында өтетін ІІ Республикалық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынында Сыр елінің намысын қорғайтын болады.