2016 ЖЫЛҒЫ СӘУІРДЕ КҮНКӨРІСТІҢ ЕҢ ТӨМЕНГІ ДЕҢГЕЙІНІҢ ШАМАСЫ 18563 ТЕҢГЕНІ ҚҰРАДЫ
Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2016 жылғы сәуірде өткен аймен салыстырғанда 0,7%-ға, 2015 жылғы желтоқсанмен – 3,2%-ға жоғарылады. Бұл туралы Қызылорда облыстық статистика департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 21,2%; сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқаны – 17%; жемістер мен көкөністерді –10,3%; нан және жарма өнімдерін –8,6%; қант, шай және дәмдеуіштерді – 2,9%-ды құрады.
теңге
|
Халықтың орташа жан басына шаққанда |
Балалар, 0-13 жаста |
Жасөспірімдер, 14-17 жаста |
Еңбекке қабілетті халық 18 жас |
Зейнеткерлер мен қарт адамдар |
||
ұлдар |
қыздар |
ерлер |
әйелдер |
||||
Күнкөрістің ең төменгі шамасы |
18 563 |
15 021 |
23 429 |
17 952 |
22 044 |
17 506 |
17 366 |
Азық-түлік тауарлары |
11 315 |
9 012 |
14 057 |
10 771 |
13 226 |
10 504 |
10 419 |
Азық-түлік емес тауарлар және ақылы қызмет |
7543 |
6 009 |
9 372 |
7 181 |
8818 |
7 002 |
6 947 |
Әдіснамалық түсініктемелер
Ең төменгі күнкөріс деңгейі – мөлшері бойынша ең төменгі тұтыну қоржынының құнына тең, бір адамға қажетті ең төменгі ақшалай табыс. Ең төменгі тұтыну қоржыны адам тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құндық көріністегі ең төменгі жиынтығы болып табылады. Ол азық-түлік қоржынынан және азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтерге жұмсалатын шығыстардың бекітілген үлесінен тұрады. Күнкөрістің ең төменгі деңгейін есептеуге арналған аз тұтынылатын азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың үлесі ең төменгі тұтыну қоржыны құнының 40 пайыздық мөлшерінде белгіленген.