ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ОФИЦЕРЛЕР КЕРЕМЕТ БИЛЕРІМЕН КӨПШІЛІКТІ ТАҢҚАЛДЫРДЫ
Еліміздің түкпір-түкпірі 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнін атап өтті. Мерекеге орай, салтанатты шара Қызылорда облысында да ұйымдастырылды. Мұнда аймақ тарихында алғаш рет «офицерлер балы» өтті. Бұл туралы stan.kz тілшісі хабарлайды.
Әскери қызметкерлер мен құқық қорғау органдарының мамандары бас қосқан кеш өте әсерлі болды. Кешке жиналғандар алдымен, 2019 әскери бөлімінің сарбаздарынан құралған оркестрдің өнерін тамашалады. Үрмелі аспаптарда ойнайтын олар тақырыпқа сай туындыларын тартты. Мұнан соң, 25 жұпқа бөлінген офицер ер азаматтар мен қыз-келіншектер вальс биін биледі. Әннің ырғағына тербеле қозғалған жандар ерекше көрікті көрінді.
"Бұл кешке көп уақыт дайындалдық. Өз басым қатты толқыдым. Бірақ, ер азамат болған соң толқығанымды жұбыма білдірмеуге тырыстым. Билеуді хореограф мамандар үйретті. Әрине, мұндай шара біздің табиғатымызға, жұмысымызға жат. Соған қарамастан жүктелген міндетті абыроймен атқардық деген ойдамын”, – деді 2019 әскери бөлімінің қызметкері Қуаныш Жаттаев.
Биден бөлек офицерлер өлең айтты. Патриоттық тақырыптағы әндер жиналғандарды рухтандырып, көтеріңкі көңіл күйге бөледі. Осылайша 7 мамыр мерекесі Сыр өлкесінде өзіндік сән-салтанатымен аталып өтілді.