МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ КӘСІПКЕРЛІК ТЫНЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Алмас Тұртаев Қызылорда қаласындағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты.
Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келген депутат Қазалы, Арал аудандарының бастауыш және табысты кәсіпкерлерімен кездесіп, мемлекеттің облыс аудандарында шағын және орта бизнесті қолдау тетіктері туралы сұрақтарды талқылады.
Сонымен қатар депутат кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының аймақтық директоры Жансұлтан Матаев мамандар ұсынатын қызмет түрлерімен таныстырды.
- Мұнда кәсіпкерлікті қолдауға бағтыталған мемлекеттік бағдарламалар, оның ішінде субсидия мен кепілдендіру, салықтық және бухгалтерлік қызмет, мемлекеттік сатып алу мен маркентингтік қызмет түрлерін алуға болады. Сондай-ақ заң мәселелері бойынша кез келген сұрақтарға жауап ала аласыз, - дейді Жансұлтан Матаев.
Депутат орталық қызметінің маңыздылығын атап өтті. Себебі жас бастауыш кәсіпкерлердің мұнда сервистік қызмет түрлерін тегін қолдануға мүмкіндігі бар.