ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Бүгін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Ұлы Отан соғысының ардагері Махсұт Сырғалиевтің шаңырағында болып, мерекемен құттықтады. Қарт майдангердің соғыстағы ерліктері мен бейбіт жылдардағы еңбектері, сондай-ақ ел Тәуелсіздігін нығайтуға қосқан үлесі шын мәнінде елге – мұра, ұрпаққа – өнеге.
Аймақ басшысы Сыр өңірінде Елбасының сындарлы саясаты нәтижесінде атқарылып жатқан шаралар жөнінде кеңінен айтып берді.
Облыс әкімі Махсұт Сырғаливке Ұлы Отан соғысы ардагеріне арналған естелік төсбелгісін табыстап, сый-сияпатын көрсетті.
- Ел басына күн туған сұрапыл соғыс жылдары адам төзгісіз қиыншылықтарды қайыспай көтеріп, елдің қорғаны болғандарыңыз үшін Сіздерге бас иеміз. Еліміздің бүгінгідей бейбіт заманда жеткен барлық жетістіктерінің артында Сіздердің еңбектеріңіз бен ерліктеріңіз тұр. Біз мұны мәңгі есте сақтаймыз және мақтан тұтамыз, - деп жылы лебізін жеткізді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.
Өз кезегінде ардагер ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.