ХИРУРГТАР АУДАНДАРДЫ АРАЛАП, ОТА ЖАСАП ЖҮР
Облысымызға Алматы қаласындағы Н.Сызғанов атындағы Ұлттық кардиохирургия орталығының білікті хирургтары облысымызға келіп ота жасауда. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Н.Сызғанов атындағы Ұлттық кардиохирургия орталығының директорының орынбасары, медиицна ғылымының кандитаты С.Пазылов, Алматы білім жетілдіру институтының кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор А.Жұмабеков, кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор С.Байжанов, медицина ғылымдарының докторы, профессор С.Тұрсынбаевтар бастаған білікті мамандар Жаңақорған ауданында науқастарға ота жасады. Аталмыш орталықтар үстіміздегі жылы төртінші мәрте облысқа келіп, аудандардағы хирургтарымыздың тәжірибесін кеңейтіп, білімін жетілдіруде. Бұл науқастар үшін де тиімді болып отыр.
Ендігі кезекте, облыстық медицина орталығының хирургтары да, әсіресе, балалар хирургтары аудандарда ота жасап, сауықтыру шараларына кірісіп кетті.
Шынар БЕКБАН