ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ПОЛИЦЕЙ «ЕРЛІГІ ҮШІН» МЕДАЛІМЕН НАГРАДТАЛДЫ
Бүгін, 6 мамыр күні «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» мен «9 мамыр – Ұлы Жеңіс» мерекесі қарсаңында, ардагерлерді еске алып, ерліктерін ұлықтау, Ішкі істер органдарында абыройлы қызмет еткен ардагерлерге, оның ішінде соғыс ардагерлеріне зор құрметін таныту мақсатында «Мәңгілік тағзым» атты салтанатты жиын болып өтті. Шараға Ішкі істер органдарының Ұлы Отан соғысы ардагерлері, соғыс ардагерлерінің туыстары, Қызылорда облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, департамент басшылығы және жеке құрам қатыстырылды.
Салтанатты шара Қазақстан Республикасы Әнұраны ырғағымен ашылып, ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Қ.Қасымовтың құттықтауы оқылды. Департамент бастығы полиция полковнигі Ж.Сүлейменов соғыс ардагерлерін, жалпы ішкі істер органдары ардагерлерін Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтап, бұл соғыста ерлікпен қаза тапқан әр батыр аталарымыздың тарих төрінен орын алатыны және ұрпақтары жеңіс алауын сөндірмей, Отан үшін от кешкендерді жүрек түкпірінде ұстайтынын ерекше атап өтті.
Жиын барысында адам өмірін қорғау кезінде асқан қырағылық пен жанқиярлық танытып, Отан алдындағы антына берік болып, қызметтік міндетін адал орындағаны үшін Қызылорда қалалық Ішкі істер басқармасы Жергілікті полиция қызметі жол-патрульдік полиция батальонының полицейі полиция аға сержанты Нұртаев Нұрлыбек Амангелдіұлы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша «Ерлігі үшін» медалімен наградталды.
Сонымен қатар, шара барысында Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қасымов Қалмұханбет Нұрмұханбетұлының марапаттау жайлы бұйрығы ресми түрде оқылып, министр бұйрығымен 12 қызметкер марапатталды. Қызылорда ОІІД бастығы полиция полковнигі Ж.Сүлейменовтің бұйрығымен департаменттің 10 ардагері, сондай-ақ, өз қызметтік міндеттеріне адалдықпен қарап, құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ерекше көзге түскен департаменттің 100-ге жуық қызметкері марапатталды.
Одан әрі мерекелік іс-шара жас қызметкерлердің ант қабылдау рәсіміне ұласты. Полиция қатарына жаңа қосылған жас мамандар қызметті адал және абыроймен атқаруға, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқығы мен бостандықтарын қорғауға салтанатты түрде ант берді. Қызылорда ОІІД басшылығы полиция қызметкерлерінің қатарын толықтырған қызметкерлерді ант қабылдауларымен құттықтап, оларға қызметте сәттілік тіледі. Әскери өмірге аяқ басқан жас буынды айтулы күндерімен ішкі істер органы ардагерлерінің атынан Ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Пейсов те құттықтап, азаматтық борыштарын абыроймен атқаруларына тілектестік білдіріп, ыстық ықыласын жеткізді.
Іс-шара ескерткішке гүл шоқтарын қоюмен қорытындыланып, шара соңында келген қонақтар естелік суретке түсті.
Сонымен қатар, ардагерлердің құрметіне мерекелік дастарқан жайылып, концерттік бағдарлама қойылды.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі
Қосымша ақпарат
Қызылорда ҚІІБ Жергілікті полиция қызметі Жол-патрульдік полиция батальонының полицейі полиция аға сержанты Нұртаев Нұрлыбек Амангелдіұлы ішкі істер органдарында және осы лауазымында 2007 жылдан бастап қызмет атқарады.
Қызмет атқару барысында өзін тәртіпті, өз жұмысын білетін, тапсырмаларды уақытылы және сапалы орындайтын қызметкер екендігін көрсете білді.
2016 жылдың 23 қаңтарында сағат 17.30 шамасында Сұлтан Бейбарыс көшесінен өтіп бара жатырған жол-патрульді полиция батальонына «көпір үстінен белгісіз бір азаматтың суға секіріп кеткендігі» жөнінде хабарлама келіп түседі.
Аталған хабарлама бойынша Жол-патрульді полиция батальонының қызметкері полиция аға сержанты Нұртаев Нұрлыбек «Сырдария» көпіріне дереу жетіп, өзеннің ағысымен батысқа қарай ағып бара жатырған азаматты байқап қалады. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан сыртқы киімдерімен суға түсіп, азаматты құтқарып алады, алғашқы дәрігерлік көмек көрсетеді. Оқиға басына жедел жәрдем қызметі шақырылып, азамат Қызылорда қалалық ауруханасына жеткізілді.