ЖЕТЕКШІ ПАРТИЯ ЖЕТІСТІККЕ ҮЛЕС ҚОСА БЕРЕДІ
Кеше облыстық мәслихаттың мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының кезектен тыс ХХ конференциясы өтті. Облыс әкімі, «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Қырымбек Көшербаев ашқан конференцияға Парламент Мәжілісінің депутаттары Балайым Кесебаева мен Геннадий Шиповских, аумақтық филиалдардан 112 делегат, партияның облыстық филиалы саяси кеңесінің мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері, партия ардагерлері мен белсенділері, басқарма басшылары, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері қатысты.
Делегаттар конференцияны ашуға дауыс бергеннен кейін оның күн тәртібі бекітілді. Күн тәртібіне сәйкес «Қазақстан 2021: Бірлік, Тұрақтылық, Жасампаздық» «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруда Қызылорда облыстық филиалының міндеттері» туралы облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев баяндама жасады.
Ол өз сөзінде Елбасымыз, Партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Нұр Отан» партиясының басқарушылық рөліне айрықша мән беріп, оның алдындағы маңызды міндеттерді үнемі айқындап қана қоймай, олардың мүлтіксіз орындалуына ерекше назар аударып келе жатқанын айрықша атап өтті. Биылғы сайлауда да Партия Төрағасы қазіргі әлемде қалыптасқан күрделі геосаяси жағдайды, түрлі дағдарыстарды ескере отырып, жаһандық сын-қатерлерге жауап ретінде «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан-2021: Бірлік, Тұрақтылық, Жасампаздық» жаңа сайлауалды бағдарламасын ұсынды. Бұл бағдарлама атауының өзі партияның негізгі мақсаттары мен басымдықтарын қолға ұстатқандай етіп көрсетіп тұр.
– Кез келген партияның саяси деңгейі оның сайлауалды бағдарламасының орындалуымен бағаланады. Ендеше, партияның сайлауалды бағдар¬ламасындағы мақсат-міндеттерді, Ұлт жоспары 5 институционалдық реформасын жүйелі жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадамды атқарушы билікпен бірге жүйелі, уақытылы орындауға күш жұмылдыру міндетіміз, – деді партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.
Сыр өңірінде атқарылып жатқан әрбір нәтижелі іс – Ұлт жоспарының жүйелі жүзеге асырылуының айғағы. Осы ретте баяндамашы ондай істердің бірқатарын атап өтті. Мәселен, тәжірибе жүзінде бірінші болып, облыс әкімінің аппаратында құқық қорғау органдарымен жұмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы іс-қимыл бөлімі құрылды. Индустрияландыру және экономикалық өсімді қамтамасыз ету мақсатында шыны зауытының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Ферроқорытпа зауыты құрылысының жобасы мен «Баласауысқандық» ванадий кен орнын игеру жұмыстары жалғасуда. Сонымен бірге, Шиелі, Жаңақорған аудандарында тампонажды цемент өндірісі зауыттарының, облыс орталығында тәулігіне 3 тонна ет өнімдерін өндіретін фабрика құрылысы, Сырдария ауданында 5 мың бас қой өсіруге арналған кешен және 10 мың бас малға арналған бордақылау алаңы мен жылдық қуаты 250 тонна болатын ет комбинатының құрылыстары, Қызылорда қаласында түйе сүтін өңдейтін зауыт пен Жаңақорған ауданында томат пастасын өндіру кешенін құру жобасы жүзеге асырылуда.
– Мұның барлығы экономикалық даму көрсеткішімізді еселеп, халықты қуаттандырады деп есептейміз. Облыс әкімі, партия филиалының төрағасы ретінде өз тарапыңыздан көрсетіліп отырған нақты қолдауды барлық жердегілер жақсы сезінуде. Партия белсенділері сайлауалды тұғырнаманы насихаттау мен түсіндіру, халықтың хал-ахуалын анықтау, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын бақылау, өзекті мәселелерді шешу ісінде өзіңіздің қолдауыңызбен алдағы уақытта да дәйекті әрі жүйелі жұмыстарды атқарады деп есептеймін. Бұл жолдағы бас¬ты міндет – «Қазақстан - 2050» стратегиясын, Ұлт жоспарын және «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, – деді сөз соңында И.Құттықожаев.
Мұнан кейін жарыссөзге шыққан ересектерге арналған облыстық туберкулезге қарсы санаторий бас дәрігері Ерғали Ілиясов, №165 мектеп директоры Ләззат Ізбасқанова, «Болашақ» университетінің студенті Константин Луцэ, Парламент Мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских жетекші партияның ел тәуелсіздігін нығайтудағы бағыт-бағдары айқын екенін жеткізіп, басты міндет – бірлігімізді көзіміздің қарашығындай қастерлеу, тыныштығымыз бен тұрақтылығымызды сақтау, кемел келешегімізге Мәңгілік елдің жасампаз мұраттары арқылы бағдар ұстау екенін атап өтті.
Облыс басшысы осы орайда биыл ширек ғасыр толып отырған тәуелсіздігімізді тұғырлы ете беруде әлі де көптеген жұмыстар бар екеніне назар аударды. «Сыртта ала көз бар, іште әлі алауыздық бар. Сондықтан «Сасқанға сая болып, асқанға тосқан болып» Тәуелсіздігімізді нығайта беруге тиіспіз» деді.
Мұнан соң конференцияның күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «Нұр Отан» партиясы филиалы саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізілді. Қырымбек Елеуұлы саяси құрамы мүшелігінен шыққандарға еңбектері үшін алғыс айтып, жаңадан еніп отырғандарға жұмыстарына сәттілік тіледі. Конференция жұмысы аяқталғаннан кейін саяси кеңес пен саяси кеңес бюросының кеңейтілген отырысы басталып, онда 2016 жылға арналған жұмыс жоспарларын, жеке қабылдау кестелерін бекітті. Отырыс соңында Қ.Көшербаев ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауына белсене қатысқан партия мүшелерінің бірқатарына Елбасы, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Алғыс хатын табыс етті.
Ыдырыс ТӘЖІҰЛЫ.