НЗМ ОҚУШЫЛАРЫ ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНА АРНАП КОНЦЕРТ ҰЙЫМДАСТАРДЫ
ҚР Тәуелсіздігің 25 жылдығы мен Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Қызылордадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары облыс жұртшылығына арнап мерекелік тарту жасады, деп хабарлады баспасөз қызметі.
Н.Бекежанов атындағы қазақ драм-театрының концерттік залы көрермендерге толы болды. Концерттік бағдарламаның алғашқы бөлімінде оқушылар ««Мәңгілік ел - елге мұра, Ұлы жеңіс – ұрпаққа ұран»» тақырыбында театрландырылған қойылымды кәсіби деңгейде орындап шықты.
Қойылымда әрбір тарихи кезеңдерді қалыптастырушы баланың рөлін сомдаған жас жеткіншек тарихтың тағдырын, күрестің күрен жолдарын, хан билердің тығырықтағы халін осынау кәсіби деңгейде көрсету үшін оқушылардың үлкен дайындық жүргізгенін айтады. «Бұл қойылымда барлығы 150-ге жуық оқушы қатысты. Тарихтың талқандауына қалдырмай, ешкімнің қолын шекараға салдырмай қорғаған біздің жауынгер батырларымыздың көрінісін көрсете отырып біз жастарға патриоттық тәрбиемен келген ардагерлерге құрметімізді көрсеткіміз келді», - дейді 8 сынып оқушысы Бағдаулет Мамаев.
«Жыл сайын ардагерлердің саны азайып барады. Олардың ой-тебіреністері мен соғыс туралы толғаулары кішілерге үлгі – өнеге болып қала береді. Бүгінгі патриоттық маңызы бар шарада оқушылар мерекеге, соғысқа және батырлық қасиетіне деген көзқарастарын көрсете білді», - дейді облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Күләй Ермағанбетова.
Көрермендерді таңқалдырған тағы бір топ – сегіз әншіден құралған октет. Олар акаппела, яғни сүйемелдеусіз бірнеше музыкалық композицияларды ағылшын тілінде орындады. Кеш соңында мектеп директоры Гүлмира Мүнкеева сөз алып, барлық көрермендерді мерекемен құттықтады.