«ТӘУЕЛСІЗДІК ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ КӨЗІМЕН» АТТЫ ФОТОБАЙҚАУДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ
«Тәуелсіздік қазақстандықтардың көзімен» атты фотобайқаудың қазылар алқасының қорытынды отырысы өтті. Ұзаққа созылған пікірталас пен талқылаудан соң жүлделі орындар санын ұлғайту жөнінде шешім қабылданды, деп хабарлады Ақорданың Фейсбуктегі ресми парақшасында.
«Бірінші орын мен бас жүлдені қызылордалық Рамиль Магдеев алды.
Екінші орынды «Невада-Семей» антиядролық қозғалысына қатысушылардың қарсылық акциясы» атты жұмысы үшін Шүкір Шахрай (Астана) және «Барлығы баласындай бір атаның» атты фотосуреті үшін шымкенттік Мақсат Шағырбаев иеленді.
Президенттің Баспасөз қызметі атынан конкурсқа қатысушылардың бәріне белсенділіктері мен басты байлығымыз бен құндылығымыз - тәуелсіздікке деген қазақстандықтардың көзқарасы көрініс тапқан керемет туындылары үшін алғыс білдіреміз!», делінген хабарламада.