ЕЛІМІЗДЕ АҚПАРАТ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ МИНИСТРЛІГІ ҚҰРЫЛАДЫ
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордадағы кеңес барысында Ақпарат және коммуникация министрлігін құруды тапсырды, деп хабарлайды BNews.kz. Мемлекет басшысы ақпараттық саясат мәселесін де қозғады.
"Бүгінде бұл функциялар профильді емес министрліктің құзырында. Үкіметте бұл саланы ешкім үйлестірмейді, мемлекеттің ақпараттық саясатқа бөлетін қаражатын ешкім бақыламайды. Сондықтан қазіргі ақпараттық сын-қатерлерді еңсеру үшін, Бес институционалдық реформаның барысын тиімді қолдау үшін өкілетті орган – Ақпарат және коммуникация министрлігін құруды тапсырамын", – деді Қазақстан Президенті.