БАЛАЛАРДЫҢ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫ ЖАҚСЫ ӨТУІ ТИІС
Білім саласына түрлі жаңалық енгіземіз деп жүргенде биылғы оқу жылы да соңына таяп қалды. Ал енді балаларымыз жазғы демалыс кезінде қалай және қайда демалады? Қалалық мәслихат депутаттары арнайы рейдке шығып, осы сауалдарға жауап іздеді, деп хабарлады облыстық «Қазақстан-Қызылорда» арнасы.
Көзді ашып-жұмғанша, оқу жылы да бітеді. Балалардың жазғы демалысын ойдағыдай өткізуге №3 мектеп-лицей сақадай сай дайын. Мұндағы «Балдырған» күндізгі тынығу лагері 1 мен 5 сыныптың 60-қа жуық оқушысын қамтымақ. Олар үшін ойын және жатын бөлмелер арнайы жабдықталған. Шығармашыл өрендердің сурет салуына, қолөнермен шұғылдануына барлық жағдайлар жасалған. Осындағы «Жазғы мектеп» орталығында 5 пен 8 сыныптың 150-ге жуық оқушысына тынығуға мүмкіндік бар. Спорт үйірмелері мен робототехника шеберханасы олардың бос уақыттарын тиімді өткізуіне жұмыс жасайды. Ойын балалары волейбол, баскетбол, футбол, тағы да басқа спорт түрлерімен айналысады . Ал, жоғары сыныпта білім алатын жастарға «Көгілдір желкен» аула клубы жұмыс жасайды.
«Балдәурен» күндізгі тынығу лагері де жазғы маусымға тас түйін әзір. Ақсуат ауылдық округіндегі №268 орта мектепте орналасқан демалыс орны «Болашақ», «Жасыл ел», «Зеректер», «Жас дарын» атты төрт топ құрып әрқайсысы 25 баладан қамтуды көздеп отыр. Жетекшілер зияткерлік сайыстар, пікірталас, танымдық ойындар мен тілдік курстар арқылы оқушылардың қарым-қабілетін арттыруды ойыластыруда. Одан бөлек, салауатты өмір салтын қалыптастыру жайы да жүйелі жүргізілген. 1-ші маусымнан бастап балалар аталған орталықта тынығатын болады.
«Сырдария» балалар сауықтыру лагерінің дайындығы да назарда. Халық қалаулылары мұндағы ашық су бассейні жұмысымен танысты. Балалар шомылатын орынның жөндеу жұмыстары енді басталады. Оған қоса, бұл жерде монша мен әжетхана да жөндеуді қажет етеді.
Маусым айынан бастап 21 ші тамызға дейін 7 ауысымда мыңнан астам бала осы жерде алаңсыз демалмақ. Халық қалаулылары алдағы уақытта басқа да жазғы тынығу лагерлерінің дайындық жұмыстарымен танысуды жоспарлап отыр.