ЕЛІМІЗДЕ КҮН САЙЫН 1 МЫҢНАН АСТАМ СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛЕДІ
Қазақстанда Тәуелсіздік жылдары диагностикалау мен нәрестенің бойындағы патологияларды ерте кезеңде анықтаудың заманауи тәсілдерін қолдану нәтижесінде сәби өлімі 1991 жылы 1000 тірі туылғандарға шаққанда 27,4-тен 2015 жылы 9,39-ке дейін, яғни 3 есеге төмендеді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақьау және әлеуметтік даму министрлігінен хабарланды.
«Республикада күн сайын 1 мыңнан астам, жыл сайын 400 мыңнан аса сәби дүниеге келеді. Туу көрсеткіші соңғы 5 жылда 3 пайызға өсті. Елімізде сәби өлімін азайтуға бағытталған шаралардың нәтижесінде салмағы 500 грамм және одан асатын шала туған балалар өмір сүруге мүмкіндік алды. 5 жылда салмағы 1500 грамға дейінгі санаттағы балалардың тіршілікке қабілеттілігі 30 пайызға өсіп, 60 пайызға жуық көрсеткішті құрап отыр»,-делінген ведомство мәліметінде.
Еліміздің барлық өңірлерінде тиімді перинаталды көмекті енгізу бойынша оқыту орталықтары жұмыс істеуде. Перинаталды көмек көрсетуде бірегей тәсілдерді қолдануды қамтамасыз ету мақсатында 300-ден астам емханалық хаттамалар халықаралық стандарттарға сәйкестендіріліп, бекітілді, сонымен бірге медициналық қызметкерлер оқытылып, медициналық ЖОО-да оқу және жұмыс бағдарламалары өзгертілді.