БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫНДА БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
Байқоңыр қаласында «Халық достығы - ел тірегі» атты V фестивалі өтті. Салтанатты жиын өзге этнос өкілдерінің халыққа, елге деген ыстық лебізімен дайындалған арнайы сюжетпен басталды.
Фестивальға қатысушылар «Ұлттық дастархан», «Халық достығы» бейнелеу, қол өнері көрмелерін тамашалады. Мерекелік шара этнос көркем өнерпаздарының концертіне ұласты. Керемет ән-бимен қатар қазақ халқы мен өзге этностардың тарихын айшықтайтын қысқаша қойылымдар көрсетілді.
Сондай-ақ, шара аясында, «Жас ұлан» жасөспірімдер мен балалар ұйымына 3-ші сынып оқушыларын қабылдау рәсімін өткізді. Ел достығы мен ел бірлігін одан әрі нығаюында белсенділігімен көзге түскен Қармақшы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің тәрбие жөніндегі әдіскері А.Тоқшылықова және №274 орта мектебінің директоры Ғ.Ұзақбаев алғыс хаттармен марапатталды.
Айта кету керек, V «Халық достығы - ел тірегі» атты балалар шығармашылығының фестиваліне облыстық білім басқармасы, Қармақшы ауданы әкімдігі және «Нұр Отан» партиясының Байқоңыр қаласы филиалы, түрік, славян, неміс, корей, татар, өзбек, қырғыз, шешен, грек, еврей этностарының өкілдері қатысты.