АҚТӨБЕ МЕН ҚЫЗЫЛОРДА АРАСЫНДА 36 КЕЛІСІМ ЖАСАЛДЫ
Ақтөбе мен Қызылорда облыстарының арасында 36 келісім жасалды. Құны 3,3 миллиард теңге болатын келісім аясында оңтүстік өңірінен күріш, көкөніс пен балық тасымалданса, ақтөбеліктер астық пен құрылыс материалдарын жеткізеді, деп хабарлайды Bnews.kz.
Облыстар арасындағы байланысты күшейту, сол арқылы импорт тауардың орнын жергілікті өніммен алмастыру күн тәртібінде тұрған жұмыс. Бұл – өңірлер арасындағы сауда-экономикалық, мәдени байланысты нығайтып, отандық кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған іс. Ақтөбе облысы халық сұранысына ие тауарлар тізімін жасап, шекаралас өңірлерге жіберді. Алғашқылардың бірі болып, Қызылорда облысы күріш, көкөніс, жеміс, балық жеткізуді өз міндетіне алды. Сыр елі үшін Ақтөбенің құрылыс материалдары мен астығы бағалы.
«Аймақаралық кооперация өз нәтижесін бере бастады. Мәселен, бұған дейін Ақтөбеде күріш келісі 220 теңгеге сатылса, қазір 150 теңгеге түсті. Ал балықтың орташа бағасы 500 теңге болса, оның құнын 300 теңгеге арзандатуға мүмкіндік берілді. Бұл бағыттағы жұмыс әрі қарай жалғасады»,- деді Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.
Айта кетейік, Ақтөбе қаласында Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстарының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Жыл басынан бері 36 миллион теңгенің көкөніс, жеміс, балық және де басқа тамақ түрлері сатылды. Жыл соңына дейін Қызылорда шаруалары 11 мың тонна азық-түлікті делдалсыз жеткізеді.
«Жирен» шаруа қожалығының басшысы Әділжан Ізтілеуовтың айтуынша, Ақтөбе мен Қызылорда арасындағы жол тауар тасуға тиімді екен.
«Бидай, арпа секілді дәнді дақылдарды біз сіздерден арзан бағаға алып, Сыр өңірінде өндірілетін күріш пен балықты осы аймаққа жеткіземіз. Бұл екі облыс шаруалары мен халқы үшін ең тиімді жол»,- дейді ол.
Сонымен қатар, Ақтөбе мен Қызылорда облыстарының арасында медицина кластері, білім, мәдениет, спорт, туризм саласын бірлесе дамыту жоспары бар. Екі өңір келісімінің аясында «Ақтөбе-Байқоңыр-Қызылорда» туристік бағыты ашылады.