БЕЛГІЛЕНГЕН МЕРЗІМ АЯСЫНДА ҚОСЫМША КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛМАҒАН ЖАҒДАЙДА ӨТЕМАҚЫ ТӨЛЕНБЕЙДІ
Өткен жылдың тамыз айында доллар бағамы көтерілгеннен кейін Елбасы тапсырмасына сәйкес барлық салымшыларға өтемақы төлеу тетіктері қарастырылды. Осыған орай, тұрғын үй құрылыс жинақ шарттарына жасалатын қосымша келісімге қол қою үстіміздегі жылдың 8 ақпанынан басталып, 1 маусымға дейін жалғасатын болады. Белгіленген мерзім аясында қосымша келісімге қол қойылмаған жағдайда өтемақы төленбейді. Бұл туралы бүгін облыстық коммуникация орталығында өткен брифингте «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Қызылорда филиалы директорының орынбасары Айзат Ізтілеуева хабарлады.
- «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» жаңа «Өз үйім» бағдарламасы алғаш болып Қызылорда облысында басталды. Бұл бағдарлама бойынша «Сырдария» мөлтек ауданында жалпы аумағы 6700 шаршы метрді құрайтын 100 пәтерлік 2 тұрғын үй салу жоспарға алынды және 33000 шаршы метрлік 500 пәтерлі 10 тұрғын үй «Арай-3» мөлтек ауданында өз құрылысын бастады, - деді А.Ізтілеуова.
Мемлекеттік «Өңірлерді дамыту - 2020» бағдарламасы аясында қаламызда Жаппасбай батыр көшесі бойында көпқабатты тұрғын үйлер құрылысы басталды. Банктің кез келген салымшысы қаражатын жинақ шотында үздіксіз үйдің құнының 50 пайызын жинақтаса, соңғы 5 жылда атында үй болмаса мемлекеттік бағдарлама арқылы баспана алуға мүмкіндігі бар.
Айта кету керек, мамыр айында «Екінші шарт екі есе арзан» атты науқан басталады. Отбасы мүшелерінің бірінде жинақ шоты болса, отбасының кез келген мүшесі жинақ шотты 50 пайыздық жеңілдікпен ашады.
Шынар БЕКБАН