БИЫЛ 14 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТ ӘСКЕР ҚАТАРЫНА ШАҚЫРЫЛАДЫ
Биыл көктемде 14 мыңнан астам азамат әскер қатарына шақыртылады. Бұл туралы BNews.kz порталының студиясында өткен онлайн-конференция барысында ҚР Қорғаныс министрiнiң бiрiншi орынбасары, ҚР Қарулы Күштерi Бас штабының басшысы Сәкен Жасұзақов айтты, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.
«Биыл көктемде бiз 14 мыңнан астам жас азаматты әскер қатарына шақырамыз. Олар ҚР Қарулы күштерiнде және басқа әскери құрылымдарда мерзiмдi қызмет өтейтiн болады. Бұл жұмыс қазiр қызу жүрiп жатыр. Бүгiнгi күнi мемлекеттiк күзет, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң шекара қызметiне шақыру аяқталды деуге болады. Қазiрде ҚР Қарулы күштерiнiң оқу бөлiмiне шақыру басталды», - дейдi С.Жасұзақов.
Вице-министрдiң айтуынша, әскер қатарына шақыртылатын азаматтарға қатаң талап қойылып отыр.
«Бiз әскерiмiзде, ең алдымен, шын мәнiнде елiмiздiң патриоттары қызмет еткенiн қалаймыз. Олардың орта, арнайы орта, техникалық, жоғары бiлiмi болуы тиiс. Сондықтан, әлбетте, қатаң iрiктеу жүрiп жатыр, әскерге үздiктерiн алғымыз келедi. Бұл мектептен өткен жастардың ертең лайықты қызмет етiп, өз iсiнiң шеберi болатынына сенiмдiмiз», - дейдi ол.