ҚЫЗЫЛОРДАДА КАНАЛДАР 346,5 МЛН. ТЕҢГЕГЕ ТАЗАЛАНАДЫ
Биыл елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында 5 су шаруашылығы нысандарын тазалау жұмыстарына облыстық бюджеттен 346,5 млн. теңге бөлінді. Бұл туралы бүгін облыстық коммуникация орталығында өткен брифингте Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Еркебұлан Бекжанов хабарлады.
Еркебұлан Бекжановтың мәлімдеуінше, бүгінде Қазалы ауданы, сарыбұлақ ауылдық округінің сумен қамтамасыз етілуін жақсарту, Жалағаш ауданы, Аққұм ауылдық округіндегі «Ақарық» каналы, Сырдария ауданы, Жетікөл ауылдық округіндегі «Жыңғылдыкөл» каналы, Шиелі ауданы, Шиелі кентіндегі «Базар арығы» каналы, Шиелі ауданындағы Сұлутөбе ауылдық округіндегі «Бозарық» каналы жұмыстарына Қазіргі таңда каналдарды тазалау жұмыстары басталуда.
Сонымен қатар, басқарма басшысы бүгінгі күндегі балық шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласы, жасыл белдеу жұмыстары, тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару саласы, облыс көлеміндегі санитариялық тазалық, көркейту және көгалдандыру жұмыстары бойынша кеңінен тоқталды.
Шынар БЕКБАН