ОБЛЫСТЫҚ «ҚЫЗЫЛОРДА НЬЮС» ИНТЕРНЕТ ГАЗЕТІНЕ – 5 ЖЫЛ!
5 мамыр — «Қызылорда ньюс» интернет-газетінің алғашқы мерейтойы. «Шындықтың қайнар бұлағы, халықтың көзі, құлағы» ұстанымын ту еткен интернет басылымы 5 жылда оқырман арасынан өз орнын ойып тұрып алды деуге болады. Бүгінде басылым қоғамның түрлі саласындағы сан түрлі мәселелерді қамтып келеді.
Осыдан тура бес жыл бұрын Қызылордада «Қызылорда ньюс» интернет-газеті оқырманға жол тартқан болатын. Содан бері аймағымызда алғаш орнықты жұмыс істеген сайт бүгінде ақпарат айдынында өзіндік орнын тапты. Интернет-газет бүгінде Сыр өңірінің тыныс-тіршілігі туралы ақпараттарды жедел, әрі дәйекті түрде екі тілде таратып, қалың көпшілікті құлақтандырып келеді.
Бүгінде аяғына нық тұрған Қызылорда облысының ресми интернет ресурсы аймақтың әлеуметтік-экономикалық, мәдени-спорттық, тарихи-танымдық салаларында болып жатқан сүбелі жетістіктерін ақпараттандырып, ортақ іске өз үлесін қосуда.
Қазіргі технологияның қарыштап дамыған заманында ақпарат таратуда бәсекелестікті, өз стилін қалыптастырып үлгерді. Аз ғана уақыт аралығында интернет сайт алдыңғы қатардағы бұқаралық ақпарат құралдарының біріне айналды. Сондықтан да болар, қалың оқырманы күн өткен сайын көбеймесе, азаймады.
Редакция ұжымына алдағы уақытта да шығармашылық табыс тілеп, оқырмандарға ой салар мақалалар көп болсын, қаламдарыңыз мұқалмасын дегіміз келеді.