ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ 95 ПАЙЫЗЫ ТАЗА АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛҒАН
Халықтың денсаулығы ең бірінші ауыз суға байланысты болса, Елбасымыздың ауыл халқына деген қамқорлығының бір белгісі – «Ақбұлақ» бағдарламасы болып табылады. Аталмыш бағдарламаның іске асырылғанына 5 жыл болды. Осы аралықта 27 млрд. теңге қаржы бөлінді. Нәтижесінде қазір Қызылорда облысындағы барлық 261 ауылдық елді мекеннің 74 пайызы орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылды. Салыстырмалы түрде айта кетейік, бұл көрсеткіш республика бойынша 48 пайызды құрайды. Ал халық санымен алғанда, аймақ тұрғындарының 95 пайызы таза ауыз суға қол жеткізіп отыр.
Қазіргі таңда Су ресурстары комитеті арқылы Шиелі ауданының 8 елді мекені Жиделі топтық су құбырына қосу жұмыстары жүруде. 2014 жылдан бастап Жаңақорған ауданында сметалық құны 12 млрд. теңге болатын Талап-Сырдария топтық су құбырының құрылысы салынуда. Бұл жобалар Су ресурстары комитетінің тікелей қаржыландыруымен республикалық бюджеттен салынуда. Бірақ қазіргі бюджет тапшылығына байланысты құрылыс жұмыстарын жалғастыруды Ислам даму банкісі арқылы қаржыландырылмақ. Банк тарапынан жобалар қолдау тауып отыр.
Сол сияқты Елбасының «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында биыл Арал ауданы Сексеуіл кенті мен Қазалы ауданы Әйтеке би кентінің жобаларын қаржыландыру басталады.
Жалпы ауыз су мәселесін жақсарту мақсатында биылдан бастап Қызылордада республикада алғаш болып Бірыңғай оператор құруға жұмыс жасалуда.