ПАРЛАМЕНТТІҢ МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ ҚЫЗЫЛОРДА БЕЛСЕНДІЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Қызылордаға жұмыс сапарымен Қызылорда облысынан сайланған Парламент мәжілісінің бірнеше депутаттары келді. «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммункация орталығында өткен брифинг барысында Бақытбек Смағұловтың айтуынша, Қызылорда облысына жұмыс сапарының мақсаты облыстағы хал-ахуалмен танысып, еліміздің Президент Жолдауын түсіндіру болып табылады. Делегация құрамында сондай-ақ, Абзал Ералиев, Геннадий Шиповских, Балайым Кесебаева, Наталья Жұмаділдаева бар. Халық сайлаушыларымен кездесуге қоғам белсенділері, этно-мәдени орталық мүшелері, ҮЕҰ және БАҚ өкілдері және қала тұрғындары қатысты. Кездесу барысында соңғы кезде орын алған Жер Кодексі айналасындағы мәселелер және заңға енгізілген жаңа нормалар талқыланды.
Халық қалаулылары бірнеше күн бойы облыс орталығынан бөлек, аудандардағы белсенділермен, мекемелер мен сауда орталығында, ұстаздар және университет студенттерімен кездесуді жоспарлап отыр.
Шынар БЕКБАН
Шынар БЕКБАН