МӘСКЕУДЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӨНІМДЕРДІҢ ДҮКЕНІ АШЫЛДЫ
Мәскеуде Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Сауда өкілдігінің ықпалдасуымен қазақстандық өнімдердің дүкені ашылды.
Бұл «Бауырсақ» бөлшектік сауда желісінің бесінші дүкені. Ресейлік нарықтағы 4 жылда бұл желі ірі қазақстандық сауда марка өкілдерімен ынтымақтасуда. Барлығы 30-дан астам қазақстандық өндірушімен байланыс орнатқан.
«Қазақстанда туғанмын, Мәскеуде тұрып жатқаныма 20 жыл болды. Үйде жеген тағамдарды жиі еске алатынмын. Отаныма барғанда Мәскеуге азық-түлік әкелетінмін. Кейін Мәскеуде қазақстандық өнімдердің дүкенін ашу ойыма келді», - деді «Бауырсақ» сауда желісін ұйымдастырушы Елена Қондақова.
Е.Қондақованың сөзіне қарағанда, бастапқыда қазақстандық өнім көрмелерге қойылған. Кейін қазақстандық өнімді бағалаған сатып алушылар тауарды үнемі жеткізіп тұруын сұрады. Нәтижесінде дүкендер ашыла бастады.