ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ АУМАҒЫНДА АУА РАЙЫ ЖАУЫН-ШАШЫНДЫ
Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуінен жаңбыр жауады, тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы мүмкін. Тек республиканың солтүстігі мен шығысында, орталығында күн ашық. Еліміздің солтүстік өңірлерінде үсік жүреді, деп хабарлайды BNews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей аудандарында желдің жылдамдығы 15-23 м/с дейін күшейеді.
Ақмола облысында түнде және таңертең 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде тұман түседі. Павлодар ,Шығыс Қазақстан облыстарының кей аймақтарында күн 1-6 градусқа дейін суытып, үсік жүреді деп күтілуде. Ақтөбеде жоғары өрт қаупі сақталады.