ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСТЫҒЫ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Полиция қызметкерлері мен халық арасындағы қарым-қатынасты нығайту, қылмыстың алдын алу, тұрғындардың сауалдарына жауап беріп, ұсыныс-пікірін тыңдау мақсатында қала орталығындағы №8 учаскелік полиция пунктінде тұрғындармен кездесу жиыны өткізілді. Бұл туралы ОІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Аталмыш жиынға Қызылорда ОІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы полиция подполковнигі Қобландин Қалижан Жеңісбекұлы, қызмет басшылары мен учаскелік полиция қызметкерлері қатысты. Жиын барысында есепті мерзімде атқарылып жатырған жұмыстар жайы сөз болып, полиция қызметкерлеріне айтылар сын-пікірлері мен ұсыныстары тыңдалды. Тұрғындар тарапынан ең көп қойылған сұрақтың бірі – кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі мезгілде ата-анасының қарауынсыз жүргені үшін көрілетін шара мәселесі болды.
Бұл сұрақ төңірігінде Жергілікті полиция қызметінің бастығы Қ.Қобландин түнгі мезгілде ата-анасының қарауынсыз жүрген кәмелетке толмаған жасөспірімдердің ана-атасына Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабы, 2-бөлігі негізінде бірінші рет ұсталса, ескерту берілетіндігін, екінші рет ұсталса заңды өкілдеріне 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (31815 теңге) айыппұл салынатындығын ескертті.
Жиын барысында сауда орындары мен дүкендерде спирттік ішімдіктерді сатуда қойылған шектеулер жайы да сөз болды. Бұл мәселе бойынша кешкі сағат 21:00 мен түскі сағат 12:00 аралығында этил спиртінің көлемді үлесі 30%-дан асатын, ал түнгі 23:00 мен таңғы 07:00 аралығында басқа алкоголь өнімдерін, сонымен бірге, 21 жасқа толмаған жастарға сатуға тыйым салынатындығын атап өтті. Аталған талап орындалмаса, дүкен егелеріне Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 200-бабына сәйкес 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (21210 теңге) айыппұл салынатындығын ескертті.
Сонымен қатар, Қалижан Жеңісбекұлы осы аймақтың учаскелік полиция пунктінде қызмет атқаратын учаскелік полиция қызметкерлерінің телефондары көрсетілген визиткалары бар екендігін атап өтті. Осыған сәйкес, егер де келеңсіз жағдайларға тап болсаңыздар, немесе құқық бұзушылық дерегінің куәсі болсаңыздар аталған байланыс телефон нөмірлеріне хабарласа алатындықтарын ескертті.
Кездесуге келген тұрғындар өзіне жүктелген күрделі істі атқарып жүрген учаскелік полицейдің жұмысын бағалай келе, тәртіп сақшыларының жұмысын жан-жақты жариялауға, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар туралы ақпаратты халыққа жеткізу жұмыстары жалғасын табатынына сенім білдірді.