СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ КӨРІНІСТЕРІ ДЕҢГЕЙІН ТӨМЕНДЕТУ БАҒЫТЫНДА ТҮСІНДІРМЕ БЕРДІ
Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаменті Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығымен бірлесіп, мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен семинар өткізді.
Семинарда ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелерді зерттеу бойынша ғылыми талдау орталығының басшысы Жапарқұл Нұржан Бейсенбайұлы сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, біріңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық көріністері деңгейін төмендету бағытында түсіндірме берді.
Департаменттің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Р.Тәуекеловтің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл механизмі, мекемелердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдау жұмыстарының бағыттары туралы баяндама жасады. Семинар барысында қойылған сұрақтарға тиісті жауап берілді.