ҚАЗАҚСТАННЫҢ ШЫҒЫСЫНДА БҰРШАҚ ЖАУАДЫ, СОЛТҮСТІГІНДЕ ҮСІК ЖҮРЕДІ
3 мамырда Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауады, тек республиканың солтүстігінде және солтүстік батысында ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерлерінде найзағай, тұман, желдің күшеюі сақталады, шығыста бұршақ жаууы мүмкін. Республиканың солтүстігінде үсік сақталады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК-і.
Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде найзағай болады, жел 15-20 м/с-ге күшейеді. Қостанай, күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде 5-20 м/с-ге күшейеді. Жамбыл облысында түнде және таңертең кей жерлерде найзағай болады, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с-ге күшейеді. Павлодар облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал. Атырау, Қарағанды облыстарында найзағай болады. Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында найзағай болуы мүмкін, тұман түседі. Шығыс Қазақстанның кей жерлерінде найзағай күтіледі, бұршақ жауады, жел 15-20 м/с-ге күшейеді. Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде 1-6 градус үсік жүреді. Ақтөбе облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.