«ШАЛҚИЯ» КЕНІШІНДЕ КЕН БАЙЫТУ КОМБИНАТЫ САЛЫНАДЫ
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев пен Қызылорда облысына жұмыс сапармен келген «Самұрық-Қазына» Ұлттық Әл-ауқат Қоры» АҚ-ның Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев Шалқиядағы «Шалқия» кенішінде кен байыту комбинаты» жобасын талқылады.
«Шалқия» кен орны әлемде кен қорынан жоғарғы орынға ие. Комбинатқа әлемдегі бастаушы елдердің цинк-қорғасын өндіретін технологиялары енгізілуде. Қазірдің өзінде мұнда 438 адам жұмыс істеп жатыр. Жерастында 150 адам шахтаның жұмыстарын ретке келтіруде. Өндіріс орны тоқырап қалған кезде өзге өңірлерге көшіп кеткен мамандар қайта елге оралуда. Олар жаңа технологияны меңгеру мақсатында шет мемлекеттерде біліктіліктерін арттыруда. Ал кәсіпорын толықтай іске қосылған кезде 1500 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.
Жобаның жалпы құны 500 млн. АҚШ долларын құрайды. Оның 350 млн. доллары Еуропалық қайта құру және даму банкі арқылы қаржыландырылады.
«Шалқия» қорғасын-мырыш кенішінде қуаттылығы жылына 4 млн тонналық кен-байыту комбинаты «Қызылорда облысында тау-кен металлургия кенішін дамытудың жол картасына» енген 3 ірі жобаның бірі.
Келесі жылы кен-байыту комбинатымен қоса өндіріс орнының қажеттілігін өтеу үшін мұнда газтурбиналық электростанциясының құрылысы басталатын болды. Аймақ басшысы мен «Самұрық-Қазына» Ұлттық Әл-ауқат Қоры» АҚ-ның Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев осындай келісімге келді.
- Жоспарға сәйкес 2018 жылы кен байыту фабрикасын іске қосамыз. Жұмысы тоқырап қалған «Шалқия» - мырыштың қоры мен көлемі жағынан әлемдегі 4-ші кен орны. Сондықтан осындай кен орны бола тұрып, оны іске қоспау мүмкін емес. Сол үшін бұл жердегі барлық жұмыстар қатаң қадағалауда болады, - дейді «Самұрық-Қазына» Ұлттық Әл-ауқат Қоры» АҚ-ның Басқарма төрағасы Өмірзақ Шүкеев.
- «Жаңақорған-Шалқия» автомобиль жолына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 1,2 млрд. теңгені біз бөлетін боламыз. Бұл жұмыстар республикалық индустрияландыру картасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Ал байланыс желісін жүргізу жұмыстарын «Қазақтелеком» АҚ-ның облыстық филиалы өздері жүргізетін болады. Жобаның жалпы құны 30 млн. теңге. Экономиканы әртараптандыру жұмыстарын жүргізу қазіргі уақыттың талабы. Сондықтан «Шалқия» сияқты ірі жобалардың жүзеге асырылуы үшін біз бар күшімізді саламыз, - деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.
Қазір мұнда тау-кен жұмыстарын дамыту жоспарын жетілдіру, кеннің байытылуын зерттеу, ішкі инфрақұрылым жобалары жүзеге асырылуда. Есі ғимараттар қайта жаңғыртылып, спорт көмплексі қалпына келтірілген.