ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР БІРЛІК КҮНІН АТАП ӨТТІ
Бүгін Қызылордада 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелелік шаралар өтті. «Гүлденген Қазақстан» әнін 150 бала хормен шырқап, «Тәуелсіздікке 25 жыл» деген жазуы бар бума шарлар мен 25 ақ көгершін ұшырылды.
Қызылорда облысының әкімі Қрымбек Көшербаев тұрғындарды мерекемен құттықта, жылы лебізін жеткізді.
– Бүгінгі татулық пен ынтымақтың төл мерекесі Қазақстан халқының бірлігі күні елімізге тыныштық пен ауызбіршіліктен артық тілеріміз жоқ. Отбасының амандығы, дендеріңіздің саулығы, өмірлеріңіздің ажырамас ажары болсын. Асқақ елдік мұраттарыңыз орындалып, өрелі істеріңіз жалғасын тапсын. Алаштың анасы, қазақтың киелі мекені - Сыр топырағында бірліктің бесігін бірге тербеткен ұлттар мен ұлыстардың татулығы әр шаңыраққа береке сыйлап, барша қазақстандықтарға алтын тұғыр болсын, - деді облыс басшысы.
Бұл мереке бірлік пен пен достықтың символы ғана емес, Қазақстанды Отаным деп санайтын барша түрлі ұлт өкілдерінің мәдениетіне, тіліне деген үлкен құрметті көрсетеді. Мұндай бірлік пен үйлесімділік мәңгі болсын.
Мерекеде түрлі этностардың ұлттық ерекшеліктеріне сәйкес би билеп, әндер шырқалды.
Сондай-ақ Орталық алаңда ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды.
Айта кететіні, мұндай шаралар Қызылорда облысына қарасты барлық аудандарда да кең көлемде ұйымдастырылды.