BEELINE: БІЛІМГЕ ҚОЛДАУ
ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жастар ісі жөніндегі комитеті, «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» РҚБ және «КаР-Тел» ЖШС арасында өзара ынтымақтастық пен түсіністік туралы үш жақты меморандум қабылданды.
Келісімнің негізгі мақсаты – жастардың бастамаларын қолдау ісінде, балалар мен жасөспірімдер қозғалысының жан жақты дамуына жағдай жасауда мемлекеттік органдардың, бизнес-құрылымдардың, қоғамдық ұйымдардың күш жігерін біріктіру. Аталған құжат көптеген әлеуметтік жобаларды бірігіп іске асыру үшін негіз болады. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың қыркүйек айында Тараптар оқушылар үшін ішкі желіде тегін қоңырау шалуға, басқа операторлар абоненттерімен төменгі тарифтермен байланысуға мүмкіндік беретін, сонымен қатар білім интернет қорларына кіруге жеңілдіктер ұсынатын арнайы құрастырылған бірегей мобильді тарифті іске қосуды жоспарлап отыр.
«Мемлекеттік құрылым болып келетін Комитет, мемлекеттік және жеке кәсіптік серіктестікті дамытуда қызуғышылық білдіреді, сондықтан да біз үш жақты Меморандумға қол қою бастамасын қуанышпен қолдадық. Beeline әлеуметтік-жауапкершілікті бизнесті іске асыруда басқа компанияларға сәтті үлгі болады деп есептеймін. Айта кететін жайт, мемлекет жағынан демеуқаржы күтпей, өз бастамаларын өздігінен іске асыру мақсатында күш салып жүрген біздің жастардың белсенділігін атап өтпеуге болмайды. Аталған меморандумға қол қою қорытындысы болатын әлеуметтік жобаларға Комитет, өзінің құзырет шеңберінде қолдау көрсетуге дайын», - деп ҚР БҒМ Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы атап өтті.
«Білімге қолдау көрсету Beeline корпоративті әлеуметтік жауапкершілігі стратегиясының өзекті бағыты болып табылады. Біз көкейкесті әлеуметтік мәселелерді ғана шешуге көмектеспей, сонымен қатар, прогресс үлгісі болып қызмет ететін, барша қоғамды дамуға шабыттандыратын жобаларды іске асыруға тырысамыз. Алайда, өзге де қызығушылық білдірген жақтармен әріптестікте әлеуметтік маңызды міндеттер әрқашанда сәтті шешім табады. Сондықтан да біз жоғарыдағы ынтымақтастық меморандумына қол қою қажетті және маңызды қадам деп есептейміз. Осы қызметтестік шеңберінде Beeline еліміздің оқушыларына ыңғайлы, тиімді және де ең бастысы, біріктіруші өнім - заманауи оқушылардың қажеттіліктерін айқындайтын, арнайы тарифті жоспар ұсынады. Ал бұл серіктестігіміздің мақсаты болатын «жасұландықтарға», барша Қазақстан оқушыларына білімге, пайдалы контентке, заманауи телекоммуникационды технологиялар арқасында қатынасуға қол жеткізуді жеңілдететін көмектің бастамасы ғана», - деп Қазақстандағы Beeline коммерциялық бас директоры Александр Комаров түсіндірді.
Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының» төрағасы, Данияр Шамилов өз атынан бұлай деп қосты: «Үш жақты осы меморандумға қол қою үш Тараптар арасында тығыз және нәтижелі әріптестік фундаменті қалайтыны дегенге бүкпесіз сенемін. Қалыптасқан жағдайды қолдана отыра, Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдер қозғалысының дамуына қолдарынан келгенше көмектесу ниеттері үшін Beeline ұялы желі операторына шексіз алғысымды білдіргім келеді. «Жас Ұлан» мобильді тарифін Жастар ісі жөніндегі комитеттің қолдауымен іске қосу - біздің өзара тиімді және ұзақ мерзімді серіктестігіміздің бастамасы ғана. Оқушыларды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге бағытталған алдағы жобалар мен ісшараларды бірігіп жүзеге асырудың негізі Меморандумға қол қою рәсімі болып табылады».
Іс-шараға шамамен балалар мен жасөспірімдер қозғалысының 20 белсенді мүшесі қатысып, Beeline компаниясы мен «Жас Ұлан» ұйымы атынан естелік сыйлықтарға ие болды.