МАМЫРДЫҢ БІРІНШІ КҮНДЕРІНДЕ АУА РАЙЫНЫҢ ҚАНДАЙ БОЛАТЫНЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ
Мамырдың бірінші күндерінде ауа райының қандай болатыны белгілі болды, - деп хабарлайды "Қазгидромет". Синоптиктер 2016 жылдың 20 сәуірі және 2 мамыры аралығына арналған ауа райы болжамын жария етті. Олардың айтуынша, сәуір мен мамыр Қазақстанда жауын-шашын көп түсетін айлар.
"Биыл да сондай болады. Сәуірдің соңғы күндері мен мамырдың бірінші күндері республиканың басым аймақтарында атмосфералық фронттардың әсерінен қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда жаңбыр сіркіреп жауады", - деп хабарлады синоптиктер.
Сенбіде солтүстік, шығыс және орталық облыстарда түнде жаңбыр сулы қарға ұласуы мүмкін, мұнда ауа температурасы көпжылдық мәннен 1-3 градусқа төмен болады деп күтіледі екен. "Мұндай температура болжанып отырған мерзімде сақталады. Бірақ қалған территорияда ауа температурасы орташа мәндегіден 2-6 градусқа жылы болады", - деді "Қазгидромет" өкілдері.