ЖЕЗҚАЗҒАН – ҚЫЗЫЛОРДА ЖОЛЫН ЖӨНДЕУ 2017 ЖЫЛДЫҢ БАСЫНДА ҚОЛҒА АЛЫНАДЫ
ҚР Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Инвестициялар және даму министрлігінде өткен көшпелі отырысында төменгі палата төрағасының орынбасары Жезқазған – Қызылорда арасындағы ойқы-шойқысы шыққан жолды мәселе етіп көтерді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Жезқазған – Қызылорда арасындағы жолдың сын көтермейтіні шындық. Бірақ барлық жолдарды бір мезетте жөндеп шыға алмаймыз. Жолдың өткізу трафигі, көліктер көлемі, елді мекендердің саны тұрғысынан жолдарға басымдық беріледі», – деді ҚР Инвестициялар және даму министрінің бірінші орынбасары Жеңіс Қасымбек.
Айтуынша, ҚР Премьер-министрінің Ислам даму банкінің президентімен кездесуінде, ИДБ жол салуға займдық қаражаттар мүмкіндігі жайлы сөз болған.
«Жезқазған – Қызылорда жолы «Нұрлы жол» жоспарында жоқ. Бірақта бұл жоба көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту бағдарламасына енген. Жылдың соңына дейін қаражат қарастырып, келер жылдың басында жобаны бастауға күш саламыз», – деп уәде етті Жеңіс Қасымбек.