ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ҰОС АРДАГЕРЛЕРІ 170 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АЛАДЫ
Қызылорда облысы бойынша ҰОС қатысушылары мен мүгедектерін әлеуметтік қолдауға облыстық бюджеттен 84840 теңге (40 АЕК), жергілікті бюджеттен 84840 теңге (40 АЕК), барлығы 169 680 теңге беріледі, - деп хабарлады «Қазақпарат» қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталған 55 ардагерге облыстық бюджеттен 42 420,0 теңгеден (20 АЕК), жергілікті бюджеттен 63 630 теңге (30 АЕК), барлығы 106 050 теңге қарастырылған. Сондай-ақ Ұлы Отан соғысы жылдары тылда кезінде кемінде 6 ай еңбек еткен 2204 ардагерге 63 630 теңгеден (30 АЕК), бір жолғы материалдық көмектер осы сәуір айында төленуде.
Осыған қосымша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне мерейтой аясында жан-жақты әлеуметтік қолдау мақсатында бизнес құрылымдарының өкілдерін меншік нысанына қарамастан қаладағы барлық мекеме мен кәсіпорындар кеңінен тартылуда.