ЖҰМА КҮНІ РЕСПУБЛИКАНЫҢ КЕЙ АЙМАҚТАРЫНДА КҮН СУЫТАДЫ
29 сәуір күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерінде жауын-шашын сақталады (көбінесе жаңбыр түрінде), оңтүстікте жаңбыр, найзағай, желдің күшейуі, батыста шаңды дауыл, тұман күтіледі, тек орталықта ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың солтүстігінде, шығысында, орталығында үсік жүруі сақталады, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде күндіз найзағай болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысында, күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді, шаңды дауыл болады. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, жел 17-22 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күшейеді. Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 18 м/с күшейеді. Ақмола, Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан кей жерлерінде тұман күтіледі. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей кей жерлерінде 3 градусқа дейін үсік күтіледі. Ақтөбе облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.