ЖҰҚПАЛЫ ЖІТІ ІШЕК АУРУЛАРЫ АУРУШАҢДЫҒЫ 8,8 ПАЙЫЗҒА ӨСТІ
Бүгін «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы ОКО-да жұқпалы жіті ішек аурулары аурушаңдығы бойынша қалыптасқан эпидемиологиялық ахуал және аурудың алдын алу шаралары жөнінде брифинг өтті.
Қызылорда облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Ұ.Аханаева мәлімдегендей, жыл сайын аймақта 1,5-2 мыңға жуық осындай ауру тіркеледі. Оның 90%-ы – облыс орталығының үлесінде. Биыл 3 айда аурушаңдық деңгейі өткен жылдың есепті кезеңіне қарағанда 8,8 пайызға өскен. Барлығы 197 науқас есепке алынған.