ЭЛЕКТРОНДЫ ҮКІМЕТ ПОРТАЛЫ АРҚЫЛЫ КӨРСЕТІЛГЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ҮЛЕСІ – 92,6%
2016 жылдың І тоқсанында Қызылорда облысы бойынша электронды күімет порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер көрсеткіші 92,6%-ды құрады. Бұл туралы бүгін «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы ОКО брифингінде облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары Тастыбай Лесеров мәлімдеді.
Осы ретте АХАТ органдарына неке қию туралы 1 067, неке бұзу туралы 29, қайталама куәліктер беру туралы 21 өтініш тіркелген. Ал жалпы 9 061 азаматтық хал актілері есепке алынып, 69 27 769 теңге мемлекеттік баж өндірілген.
- Зияткерлік меншік саласында 1 өтініш түсіп, жоспардан тыс тексеру нәтижесінде тауар таңбасын заңсыз пайдалану фактілері анықталған жоқ. Бірлескен тексерулер кезінде облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері әкімшілік кодекстің 204-бабымен 461 құқықбұзушылық анықталып, 22-сі бойынша 402 900 теңге айыппұл салынып, 439-ына ескерту берілді, - деді Тастыбай Лесеров.
Назерке САНИЯЗОВА