ҚЫЗЫЛОРДАДАДА «БАЙҚОҢЫР» КЕШЕНІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫҢ IV ҮКІМЕТАРАЛЫҚ ОТЫРЫСЫ ӨТЕДІ
Қызылордада «Байқоңыр» кешені жөніндегі комиссияның IV үкіметаралық отырысы өтеді. Бұл туралы бүгін облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов брифингте мәлімдеді.
Серік Қожаниязов мәлімдегендей, екі ел министрліктері мен ведомстволарының алдында жалға беру жағдайында Байқоңыр қаласы мен ғарыш айлағын пайдалану жөніндегі бірнеше маңызды мәселені қарастыру міндеті тұр. Солардың негізгілері – еңбекпен қамту, білім, Қазақстан азаматтарын баспанамен қамту, қала аумағында мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру. Кездесуде сондай-ақ кәсіпкерлікті дамыту және туристік пакет құру жайы талқыланбақ.
- Өткен жылы Қазақстан 11,6, мың гектар жерді қайтарып алды. Биыл осы жерде инфрақұрылымды дамытып, кәсіпкерлік нысандары мен тұрғын үйлер салу, осылайша жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланып отыр, - деді облыс әкімінің орынбасары.