ҚАЗАҚСТАН АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӨНІНДЕГІ ИСЛАМ ҰЙЫМЫ БАС АССАМБЛЕЯСЫНА ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТЕДІ
Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы Бас Ассамблеясына Қазақстан төрағалық етеді. Мұндай шешім елордада өтіп жатқан Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы Бас Ассамблеясының құрылтайшы сессиясында қабылданды.
«Ең алдымен, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы Бас Ассамблеясының төрағасы лауазымына Қазақстан Республикасының кандидатурасын қолдағандарыңыз үшін шын жүректен алғысымды білдіремін. Сонымен қатар, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы төрағасының орынбасарларын да осы лазауымға тағайындалуларымен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Біз Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы мүшелерінің құрамына жаңа мемлекеттердің қосылуына куә болып отырмыз және қатысушы мемлекеттердің саны 29 елге жетті», - деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков.
Айта кетерлігі, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы төрағасының орынбасарлары болып. Кот-д Ивуар мен Палестина өкілдері сайланды.
Айта кетерлігі, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы төрағасының орынбасарлары болып. Кот-д Ивуар мен Палестина өкілдері сайланды.