ҚАЗАҚСТАНДА ЖАҢБЫР ЖАУЫП, ЕЛДІҢ БАТЫСЫНДА ШАҢДЫ ДАУЫЛ КӨТЕРІЛЕДІ
Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуімен жауын-шашынды (көбіне жаңбыр) ауа райы сақталады. Елдің оңтүстігінде жаңбыр жауып найзағай ойнайды, жел күшейеді, батысында - шаңды дауыл көтеріліп, тұман түседі, орталық бөлігінде ғана күн ашық болады.
«Қазгидрометтің» болжамынша, республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында күн суытуы сақталады.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында күндіз кей жерлерде найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Қызылорда, күндіз Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді, шаңды дауыл көтеріледі.
Қостанай облысында кей жерлерде тұман түседі, желдің күші 17-22 м/с-қа жетеді. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Ақтөбе облысында кей жерлерде жел 18 м/с-қа дейін күшейеді. Ақмола, Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұманды болады.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде күн суытып, 3 градусқа дейін төмендейді. Ақтөбе облысында кей жерлерде өте жоғары өрт қаупі сақталады.