БИЫЛ ҚАЗАҚСТАНДА 34 ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛАДЫ
Биыл Қазақстанда бюджет есебінен салынған 34 жаңа мектеп ашылады. Бұл туралы бүгін Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі халықпен есепті кездесуінде ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлім етті, - деп жазады «Қазақпарат».
«Ұлттық қор қаржысы есебінен тағы 42 жаңа ірі мектептің құрылысы басталады. Осы орайда, біз үш ауысымдағы және апатты мектептерге байланысты проблемаларды шешуге ниеттіміз. Елімізде халық саны артып келеді және бұл бағытта қандай шаралар атқару керектігі жайында жақсы түсініп отырмыз. Атап айтқанда, жаңа бағдарлама бойынша алты жасар өрендер міндетті түрде мектепке барады. Яғни, мектеп инфрақұрылымына жүктеме артып келеді. Сондықтан да біздің мақсат мектеп құрылысында мемлекеттің қатысуымен қатар, салаға жеке капиталды тартуға негізделген»,-деді Е. Сағадиев.
Оның айтуынша, жан басына қаржыландыруды енгізу ірі қалаларда негізгі құрал болмақ. Бұл өз кезегінде жеке капитал мектеп құрылысына қызығушылық танытуы үшін тұрақты қаржылық нарықты құрады.
Оның айтуынша, жан басына қаржыландыруды енгізу ірі қалаларда негізгі құрал болмақ. Бұл өз кезегінде жеке капитал мектеп құрылысына қызығушылық танытуы үшін тұрақты қаржылық нарықты құрады.