ҚЫЗЫЛОРДАДА «ҚҰҚЫҚ ТӘРТІБІ» ШАРАСЫ БАРЫСЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Облыс көлемінде өткізілген «Құқық тәртібі» жедел-профилактикалық іс-шарасының әр түрлі құқық бұзушылық жасаған 2021 азаматқа әкімшілік шара көрілді. Оның ішінде, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы) 158 азаматқа, қоғамдық орындар мен көшеде масаң күйде жүргені үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы) 158 адамға, қалалар мен елдімекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы) 223 адамға, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үй-жайдан тыс аумақта жүруіне жол бергені үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы) 124 азаматқа әкімшілік шара көріліп, ұсақ бұзақылық жасаған 16 кәмелетке толмаған жасөспірім (ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабы) жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ, белгіленген жүру жылдамдығын арттырғаны үшін (592-бабы) – 204, көлік құралын басқару кезінде телефонды немесе радиостанцияны пайдаланғаны үшін (591-бабы) – 313, жолдың қарсы бағытына шыққаны үшін (596-бабы) –13, қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін (593-бабы, 1-бөлігі) – 414 азаматқа қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін (608-бабы) 34 азамат наркологиялық сараптамадан өткізіліп, тиісті шешім қабылдау үшін жинақталған құжаттар сотқа жолданды.
Есепті мерзімде 15 бұрын жасалған қылмыстармен қатар, «ізі суымай» 29 қылмыстың беті ашылды. Іс-шара барысында 81 құқық бұзушы облыстық наркология орталығының интоксикация орталығына жатқызылса, 19 кәмелетке толмаған уақытша бейімдеу мекемесіне жеткізілді.
Профилактикалық шара барысында есірткі затын сақтағаны үшін Шиелі аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлері Шиелі кенті 1973 жылы туылған тұрғынын ұстап, одан 1,11 грамм «кептірілген марихуана» затын тәркіледі. Қазіргі таңда тиісті тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі