27 СӘУІР КҮНІ РЕСПУБЛИКАНЫҢ БІРҚАТАР ӨҢІРЛЕРІНДЕ ЖАҢБЫР ЖАУАДЫ
27 сәуір күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерінде жауын-шашын сақталады (көбінесе жаңбыр түрінде), оңтүстікте жаңбыр, найзағай, желдің күшеюі, батыста шаңды дауыл, тұман күтіледі, тек солтүстік-батыста ауа райы жауын-шашынсыз болады.
ҚР ІІМ ТЖК хабарлағандай, республиканың солтүстігінде, орталық және шығысында үсік жүруі сақталады. Күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде шаңды дауылмен соққан желдің күші 15-20 м/с болады. Күндіз Ақтөбе, түнде Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей кей жерлерінде 3 градусқа дейін үсік күтіледі. Ақтөбе облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.