ҚХА СЕССИЯСЫНДА «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ПАТРИОТТЫҚ АКТІСІ ҚАБЫЛДАНДЫ
Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясында «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі қабылданды, хабарлайды BNews.kz. «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін қабылдайық деп отырмыз. Оны жан-жақты талқылап, қолдау білдіргендеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Осы маңызды құжатты көптен бері дайындап, дәл биылғы мерейлі жылда қабылдануы айрықша маңызға ие. «Надан халық бір жылын, ақылды халық бір ғасырын, дана халық мәңгілік болашағын ойлайды» деген сөз бар. Біз бұл жолда мәңгілік болашағын ойлайтын дана халық болайық», - деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.
Президент атап өткендей, «Мәңгілік Ел» патриоттық құжаты – халқымыздың бүгінгі өміріне де, болашағына да тікелей ықпал ететін маңызды құндылықтардың жиынтығы.
«Құжаттың әрбір тармағы халқымыздың жүрегінде берік орын аларына сенемін», - деп түйіндеді Мемлекет басшысы.