АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАҚСАТЫНДАҒЫ ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІ ТЕК ҚР-НЫҢ ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРЫНА ҒАНА САТЫЛАДЫ
Мемлекет меншігіндегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері тек ҚР-ның жеке және заңды тұлғаларына ғана сатылады. Ал шетелдіктер үлесі елу пайыздан асатын заңды тұлғалар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жиырма бес жылға дейінгі мерзімге жалдау шарттарымен уақытша жер пайдалану құқығымен ғана иелене алатындығы айқындалған. Бұл туралы бүгін Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасы басшысы Шахмардан Қойшыбаев мәлімдеді.
Шахмардан Қойшыбаевтың хабарлауынша, жер учаскелері еліміздің жеке және заңды тұлғаларына ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері жеке меншік құқығымен аукцион арқылы беріледі. Сондай-ақ, жалға берілген жер учаскелерін сатып алу бойынша жеңілдік шарттарын ұсыну туралы да қарастырылған.
- Ауыл шаруашылығымен айналысатындар үшін әкімшілік кедергілерді алып тастау және шығасыларды қысқарту арқылы қолайлы жағдай жасау мақсатында ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты объектілерді салу кезінде және шаруашылық жүргізу нысанын ауыстырған кезде жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту рәсімі алып тасталады.Аталған шаралар ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлерді нарықтық айналымға енгізу үшін қажетті жағдайлар туғызады, жер ресурстарын ұтымды пайдалану бойынша жер пайдаланушылардың жауапкершілігі мен ынтасын көтереді, - деді Ш.Қойшыбаев.
Айта кету керек, Қызылорда облысының жер қоры 24 млн. га, оның ішінде 2,2 млн. га Қарағанды облысынан ұзақ мерзімді пайдалануға алынған.
Шынар БЕКБАН